Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер арасында тал егу акциясы басталды. Бүгін үрдіс Әлия Молдағұлова гүлзарында жалғасын тапты. Өңіріміздің бірнеше басқармасы қызметкерлері гүлзарға 50 шақты тал көшеттері мен гүл отырғызды. Қаланы көгалдандыру бойынша ұсынысты мемлекеттік мекемелер қуана қабылдаған. Белсенділердің арасында облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық тексеру-ревизиялық комиссиясының қызметкерлері бар. Басқарма басшылары да қолдарына күрек алып, таза ауа үшін тер төгуде. Ауасы лас, айнала қаптаған күл-қоқыс пен көк шаңы көтерілген шаһар. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайына ақтөбеліктерден сын көбейді. Облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Сәния Қалдығұлованың пікірінше, игі шараға әр ақтөбелік атсалысуы тиіс. Сонда ғана шаһарымыз таза, әрі жасыл қала статусын қайтарады.Мамыргүл, қызғалдақтар тұрғындардың жақсы демалуына оң әсерін береді, дейді шараға қатысушылар. Акция қала күніне орайластырылған. Әр ұжым өзі отырғызған көшеттерге күтім жасап тұруы тиіс.
Бүгінгі тал егу акциясына 8- ге жуық мекемеден 30- дан астам мемлекеттік қызметкер қатысты. Шара екі айлық сенбілік аясында ұйымдастырылып отыр. Өзге де аудандарда жалғасын таппақ. Ал батыр қыздың есімімен аталатын гүлзар алдағы уақытта жайқалып тұрады, дейді акцияға қатысушылар.
Количество показов: 697
Дата создания: 25.05.2022 23:03:00
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>