Мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жаңа оқу жылы да таяп қалды. Тамыз айы ата-ана үшін қарбалас кезең.Баланы мектепке дайындау керек. Оқушыны жаңа оқу жылына дайындау оңай емес. Өйткені, отбасылық бюджеттің айтарлықтай шығыны орын алатын кезең. Ата-аналар балаларын ертіп, енді мектепке дайындала бастаған. Қай жерде киімнің бағасы төмен деп іздеген ата-ана, қолындағы барын мектеп формасына да, кеңсе заттарына да жеткізгісі келеді. Қала тұрғындары бір баланы мектепке дайындау үшін, кем дегенде 100-әрі кетсе 150 мың кетеді деп отыр.Қазір қаламыздың ірі сауда орындарында, базарларда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мәселен, Кеңес Нокин даңғылында орналасқан сауда орталықтарының бірінде оқушыға қажеттінің бәрі бар. Бұл жерден сіз отандық өнімді ала аласыз. Яғни жергілікті тігін шеберханаларынан шыққан мектеп формасын алып немесе тапсырыс беруге де мүмкіндік бар,-дейді сатушылар.Мектепке баруға асық болған Айша анасымен мектеп формасын қарап жүр. Мектебі форманың қою көк түсін бекіткен. Киім, құралдан бөлек достарымды, класстастарымды сағындым. Тезірек мектеп басталса екен деп күн санап жүрмін,- дейді оқушы. Жаңа пәндер қосылады. Ал сабақты үздік оқитын Айшаға бәрі қызық болып тұр.Аталған сауда үйіндегі мектеп жәрмеңкесінде мектеп формасын 7000-22000-ға дейін алуға болады. Одан бөлек шұлық, бантик, жейде, майка, футболка, спорттық киімдерді де табуға болады. Әрбір ата-ана баласының оқу-білімге құштарлығын арттыру үшін әрине, жаңа оқу жылында жаңа оқу құралдарымен қамтамасыз еткісі келетіні анық. Әйтсе де, төрт-бес баласы бірдей мектепке баратын отбасылардың қалтасына әжептеуір салмақ болатыны сөзсіз. Бірақ, баланың болашағы үшін ата-ана ештеңеден аянбағанымен, қолындағы барын оқушы балаларына бірдей жеткізуге тырысады.Количество показов: 320
Дата создания: 11.08.2024 07:12:55