Мас жүргізушілер азаяр емес
3-тамызда Алға қаласында мас күйде "Опель-Астра" көлігін тізгіндеген 40 жастағы жергілікті тұрғынды полицейлерлер анықтады. Дәл сол күні Хромтау ауданының Дон ауылында 45 жастағы "ВАЗ-2112" автокөлігінің иесі де ұсталды. Тексеру кезінде жүргізуші 2023 жылдың соңында жеті жыл бойы көлік құралын мас күйде айдағаны үшін көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Қатаң тыйымнан жалтарып, ащы суға тойып алып қайтадан рөлге отырған.Тәртіпке бағынбаған тұрғындарды полицейлер күзетпен уақытша ұстау изоляторына тоғытты. Қазіргі уақытта көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кейін іс сотқа жолданбақ. Көлікті мас күйінде айдап, айналаға қауіп төндірген азаматтар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Количество показов: 403
Дата создания: 06.08.2024 08:32:20