Мәртөк ауданына қарасты Достық және Вознесеновка ауылдарына газ келді
Мәртөк ауданына қарасты Достық және Вознесеновка ауылдарына газ келді. Қос ауылда 150-ге жуық отбасы түтін түтетіп отыр. Мәртөк ауданына арнайы барған іссапарында өңір басшысы Оңдасын Оразалин газ құбырларын іске қосу рәсіміне қатысты. Ауылдарға газ тарту жобасына биыл 617 млн теңге қаражат бөлінген. Мәртөк ауданының іргесіндегі Достық ауылында 112 отбасы тұрады. Көпшілігі байырғы тұрғындар. Дені 30-40 жылдан бері қоныс тепкен. Тұрғындардың айтуынша, әуелі ауылға газ келетінін естігенде сене қоймапты. Газ құбырлары тартыла бастағанда ғана жұртшылық шаттанған. Ауылға іргелес Сарыжар ауылдық округіне аялдаған Оңдасын Оразалин "Бай орда" шаруа қожалығына бас сұқты. Қожалық былтыр түйіршіктелген жем шығаратын цехты іске қосқан. Мемлекет шаруашылыққа қолдау көрсетіп, жерді 49 жылға жалға берген. Бұдан бөлек, өңір басшысы ұзындығы 15 шақырым болатын "Вознесеновка- Мәртөк" автокөлік жолын, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонды қарап шықты.
Вознесеновка ауылында облыс әкімі сондай-ақ, мәдениет үйінің жұмысымен танысты. 1975 жылы тұрғызылған ғимаратқа жуырда жөндеу жүргізілген. Тәңірберген ауылдық округінде жаңадан салынған әкімдік ғимаратын қарап шықты. Айта кетейік, келер жылы өңірде қатты тұрмыстық заттарға арналған полигонның құрылысы бойынша сегіз жоба жүзеге асырылмақ. Осылайша облыс аудандарының барлығы полигондармен қамтылатын болады.
Количество показов: 605
Дата создания: 25.11.2021 18:13:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>