Мүгедектер мен қаттар тұрып жатқан үйдің лифті қарыз үшін тоқтатылған
Есет батыр ауданында тоғыз қабатты үйдің тұрғындары лифтсіз отыр. Жеделсатының істемегеніне 10 күн болыпты. Мұндағы жұрт жоғарыдағы пәтерлеріне жаяу түсіп-мінуге мәжбүр. "Табыс-Ақтөбе" серіктестігі жеделсатыларды әдейі тоқтатып тастаған, деп отыр. Талғат Өтепқалиев Есет батыр тұрғын алабынының 4-мөлтек ауданында №19- шы үйдің тұрғыны. Өзі де, зайыбы да мүгедек. Көздері көрмейді. Зағиптар үшін 7-ші қабатта орналасқан пәтеріне көтерілу мұң. Коммуналдық қызмет үшін түбіртек әр айдың дәл бір күнінде келеді. Басқасын кешіктірсек те, лифт үшін дер кезінде төлеп отырмыз, дейді екінші топтағы мүгедек. Себебі көз жанарынан айырылған тұрғындар үшін жаяу түсіп-міну қиын. Бұл үйде өзге де қариялар баршылық. Көпбалалы отбасылар да тұрып жатыр. Себебі, үй мемлекеттік бағдарлама бойынша, жалға берілген. Мүгедектер мен егде жастағылар лифт істемегесін үйде амалсыз қамалып отыр. Таза ауамен тыныстаудан да қалған. Халық жеделсатыны іске қосуды сұрап, қалалық тұрғын үй инспекциясына жүгінген. "Табыс-Ақтөбеге" де барған. Ал жауапты мамандар біріне-бірі сілтеп, әбден шаршатқан. Осылай әуре-сарсаңға түскен тұрғындар барлығына "Табыс-Ақтөбе" компаниясын кінәлап отыр. Подъезді тазалау мен лифт үшін төлемді біріктіріп қойды, дейді. Өйткені "Лифт-сервис" компаниясына серіктестік 1,5 млн теңге қарыз екен. № 19- шы үйдің тұрғындарына әзір жаяу мініп-түсуге тура келеді. Себебі, "Лифт-сервис" мекемесі қарызды өтемейінше, жеделсатыны іске қоспайтынын айтқан.Количество показов: 919
Дата создания: 23.05.2023 03:45:11