Ұлттық киім-этномәдени құндылық
Ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Көнені дәріптеу арқылы жаңаға ұмтыла білетін тұлға тәрбиелеу басты мақсатымыз.Осындай ұранмен қаламыздағы № 30 қазақ орта мектебінің ұжымы мен оқушылары ұлттық нақыштағы киімдерді киюді ұйғарыпты. Бұған дейін оқушылар қазақи киімдерді "Ұлттық киім" жобасы аясында тек әр жұма сайын ғана киетін болған. Тәуелсіздік мерекесіне орай жұма күні ғана емес апта бойы киюді ұйғарған.Бұл бастама білім алушылар бойында Тәуелсіздік және Отаншылдық, бірлік және ынтымақ құндылықтарын дарытуға бағытталған. Мектеп оқушылары да өнерден құр алақан емес. 6 сынып оқушысы Абат Нағашыбаев ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың "Үш бақытым" өлеңін оқып берді.Акция аясында түрлі іс-шаралар, сынып сағаттары, сондай-ақ қазақ қолөнерінің көрмесі жоспарланған. Бұл шаралар оқушыларды Отанды сүюге баулып, ұлттық рухты қалыптастыруды мақсат етеді, дейді мектеп ұжымы.
Количество показов: 157
Дата создания: 13.12.2024 08:04:23