Кибербуллингке жол жоқ!
Адамды онлайн қорлау қазір кеңінен таралып кетті. Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджер арқылы зорлық көрсетіп, намысына тиетін сөздер жазып, қорқытып-үркіту көп. Осындай тәсілмен жұмыс жасайтын арнайы топтардың құрығына кәмелеттік жасқа толмағандар жиі ілігеді. Балаға кибербуллинг жасайтындар арасында да жасөспірімдер бар. Былтыр шаһарда осындай 7 дерек анықталған. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балаңыз жәбір көрмеуі керек, өзгеге де зияны тимеуі тиіс. Бұл-алдымен ата-ананың міндеті. Ұстаздар да мектеп оқушыларын бақылауда ұстауы қажет. Кибершабуылға ұшыраған баланың мінез-құлқы бірден өзгереді. Әлеуметтік желі, түрлі мессенджерден келген хабарламаларды қадағалап отырмаса, кей бала зорлық туралы жақындарына да айта алмауы мүмкін. Кибербуллинг жасайтындар арасында педофилдер жиі кездеседі. Балаларды алдап, жалаңаш фотосын жіберуге көндіріп, кейін бопсалайды. Мұндай жағдайда ата-аналар 111 немесе 102 телефондарына хабарласып, арыз жазуға болады.Количество показов: 287
Дата создания: 22.01.2025 07:54:57