Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты қысқарды
Халыққа қызмет көрсету орталығының бұл бөлімінде ұзын-сонар кезек байқалмайды. Жабылуға жарты-ақ сағат қалса да мамандар кезек алған азаматтардың барлығын қабылдап үлгеруге тырысып жатыр. Құжат рәсімдеу үшін тұрғындар бұрынғысынша "Егов" порталы, телеграм-бот қосымшасы арқылы онлайн тіркелуі қажет. Немесе "1414" нөміріне хабарласып та кезекке тұра аласыз. Тұрғындар онлайн кезектің тым асыққан кезде тиімсіздігін көре бастапты. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін портал мен ұялы телефон қосымшаларында құжаттардың рәсімделуіне байланысты жүзден аса қызмет түрі енгізілген. Бүгінге дейін онлайн өтініш беру саны артқан. Орталық өкілдері "Егов" порталына кіру мүмкін болмаған жағдайда шұғыл желіге хабарласу қажеттігін ескертеді.
Количество показов: 862
Дата создания: 07.07.2020 18:36:47