Көп балалы аналарға "Алтын алқа", "Күміс алқалар" табысталды
"Анаға тағзым" орталығында өткен жиында көп балалы отбасында жаңа туған сәбилердің ата-аналарына туу туралы куәліктер табысталды.
Сондай-ақ, бүгінгі жиынға отасқандарына 30,40 және 50 жыл толған ерлі-зайыптыларды да шақырған. Солардың бірі Бисекеновтер әулеті. Олардың отасқандарына биыл 50 жыл толды. Отағасы мәңгілік махаббаттың кепілі- сыйластық, дейді.Дәстүр бойынша Ақтөбе қаласының әкімдігі желтоқсан мерекелері қарсаңында ақтөбелік үлгілі отбасыларды назардан тыс қалдырмады. Тұңғыш президент күнінде 12 шаңырақта нәрестелер дүниеге келіп, олар көп балалы отбасы қатарына енген. Жиынға қатысқандар ақ дастархан басына жайғасты. Оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар үлестірілді.
Количество показов: 606
Дата создания: 08.12.2021 18:40:18