Көп балалы ана медициналық қызметтің сапасына наразы.
Олеся Летовская жалғызбасты ана, өзі балалар үйінде тәрбиеленген. 33 жастағы әйелдің бес баласы бар. Тұрғылықты жері бойынша ол Тұрғындар қалашығы ауданындағы "Приомед" емханасында тіркеулі. Бірақ ақ халаттылар балаларымның денсаулығына мүлдем қарамай отыр, деп налиды. Көп балалы ананың емхана дәрігерлерінің қызметіне көңілі толмай отыр. Олесяның бес баласы да неврологиялық сырқатқа байланысты есепте тұр. Сондықтан емханаға жиі барады. Үш айлық қолындағы сәбиі де жүрек ақауымен дүниеге келген. 5 баласына тиісті ем ала алмай отырған анаға көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасы ұнамайды. 1-ші қалалық емхана дәрігерлері арнайы қаулыға сәйкес Олеся Летовская балаларын бұл емханаға тіркеуге тұрғыза алмайтынын айтады. Себебі кәмелеттік жасқа толмаған балалар тұрғылықты жері бойынша бекітілген емханаларға ғана тіркелуі тиіс. Балалар дәрігері қызметіне жүгінентін пациенттер саны өте көп, емханада тіпті орын да жоқ, дейді дәрігерлер.Количество показов: 412
Дата создания: 05.01.2024 23:02:35