Күн суыса қаңғыбас қайда барады?
Күздің қара суығында орталыққа келушілердің саны артқан. Жоспар бойынша "Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта" 65 төсек орны жасақталған. Қазір 46 адам бір баспана астында тұрып жатыр. Мұнда 35 ер адам мен 11 әйел адам бар. Дені тұрғылықты тұратын баспанасы жоқ, жұмыс жасауға жағдайы келмейтін, мүгедектігі бар, сондай - ақ, ішімдікке салынған адамдар.Әлеуметтік бейімдеу орталығын паналап жүргендердің бірі 61 жастағы Ирина Салмағамбетова. Жақынына керек болмай қалып, далада түнеуге мәжбүр болған әйелді салулы төсек, жылы мекенге әкеліп, қамқорлығына алған. Бос уақытын рухани демалысқа арнайтынын айтады.
Айта кетейік, әлеуметтік орталық 2000 жылдары қолданысқа берілген. Баспанасыз жүрген адамдарды қарамағына алып, олардың түйткілді мәселелерін шешуге көмектеседі. Жеке құжаттарын жасауға қолғабыс болып, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек алып береді.
Количество показов: 497
Дата создания: 11.10.2023 00:47:40