Еттің сапасын QR арқылы тексеріңіз!
Дана Зейдалиева жеке кәсіпкер. Шаруа қожалығы бар. Ет саудалап жүргеніне 10 жыл болыпты. "Табыс" базарында жалға алып отырған нүктесі бар. Қала бойынша 27 мектепке ет жеткізеді. Балалар тұтынатын болғасын сапасы маңызды,-дейді кәсіпкер. Өнімі лабораториялық тексерістен өткен. Жасыратын ешнәрсе жоқ, QR арқылы тексерсеңіз болады,-деп бөліседі ол.Егер еттің сапасы күдік тудырса, өнімнің саудаға шығарылуы үшін арнайы анықтама беріледі. Сондықтан тұтынушылар әр кезде міндетті түрде құжатты талап ете алады. Ал шілде айынан бастап бұл іс жеңілдетілді. Әр ет сату орындарында QR бар. Ол малды ветеринарлық тексерусіз және ұшалар мен ағзаларды сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді."Табыс" коммуналдық базары әкімшілігінің мәліметінше, мұнда жоба іске қосылды, барлық ет сатушыларда QR бар. Ұялы телефоныңыздың камерасы арқылы сканерлеп, алдыңыздағы еттің қайда сойылғаны, ветеринарлық-санитарлық сараптамасы мен қай жердің еті екенін анықтай аласыз. Айта кетейік, Ақтөбеде төрт түлік малдың еті қымбаттаған. Мәселен, сиыр етінің келісі 2 500-3000 теңгенің аралығында. Жылқы еті 2800 ден басталады. Қой етінің келісі 2400 теңгеге дейін. Қып-қызыл ақшаңызға сатып алған етіңіздің сапасын QR арқылы тексеруді ұмытпаңыз.
Количество показов: 403
Дата создания: 11.08.2024 07:10:28