Ет қымбаттады
Еліміз бойынша қой етінің бағасы бір жылда 16,2%-ке өссе, жылқы еті келісіне 11,9%-ке, ал сиыр еті 8%-ке дейін қымбаттаған. Соңғы бір жыл ішінде қазақстандықтар етті көбірек жей бастады. Ал тұтынушылар арасында сиыр етіне сұраныс артқан, деп хабарлайды сарапшылар. Дегенмен қазір салыстырмалы түрде арзан болып тұрған тауық етіне сұраныс артқанға ұқсайды.Өткен жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 килограмм ет пен ет өнімдерін тұтынған. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда бір килограмға көп. Ал 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 1,4 килограмға артық.Сұраныс артқан сайын ет бағасы да күннен күнге көтеріліп бара жатыр.
Количество показов: 701
Дата создания: 20.01.2021 18:03:46