Бүгін ақтөбелік еріктілер еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған Алғыс хатпен марапатталды. Салтанатты шара "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында өтті. Үш ай бойы аянбай тер төккен жастарды партияның облыстық филиалының төрағасы Оңдасын Оразалин құттықтап, сыйлықтар табыстады. "Jas Otan" жастар қанаты 500-ден аса еріктіні игі іске жұмылдырып, 152 миллион теңгенің азық-түлігін, маскаларды көмекке зәру отбасыларға таратқан. Сонымен қатар, Мақтарал ауданының тұрғындарына қажетті заттарды жеткізуге көмектескен. Оңдасын Оразалин "Biz Birgemiz" акциясы аясында 24 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден көмек алғанын айтты. Алдағы уақытта мұндай көмекпен Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қобда, Қарғалы, Мартук, Темір және Ойыл аудандарының төрт жарым мың тұрғынын қамту қарастырылған. Карантин кезінде ұйымшылдық танытып, көмектерін аямаған еріктілер еңбектерінің елеусіз қалмағанына риза. Бұл игі іс жалғасын таппақ.
Марапатқа марқайып қалған жастар ел үшін, қоғам үшін көмекке дайын екендерін жеткізді.
Осы аптада үш мыңға жуық қазақстандық Елбасының алғыс хатымен марапатталса, оның 300-і ақтөбелік. Республикалық "Biz Birgemiz" акциясына өңірімізден 500-ден аса ерікті қатысқан.
Количество показов: 996
Дата создания: 18.06.2020 19:06:09
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>