Енді "Әлеуметтік әмиян" арқылы тегін дәрі-дәрмек алуға болады
Егде жастағы тұрғындар немесе «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін пациенттің қолына тиісті дәрілік заттар беріледі. «Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.Жасы 60 қа таяп қалған Елена Гавриш мобильді қосымшаның қыр-сырын үйреніп алмақ. Бұл-заман талабы, дейді тұрғын. Енді дәрі-дәрмекке ұзын-сонар кезекке тұрмас үшін игеріп аламын,-дейді ол. Артериялды гипертониямен есепте тұрған әйел қан қысымын төмендететін фармацевтикалық препараттарға тәуелді.Бүгін ол дәріні қосымша арқылы алғаш рет алмақ. Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша кеңейтілетін болады. «Әлеуметтік әмиян» қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет. Қыркүйек айының ортасынан бүгінге дейін Ақтөбеде қосымша бойынша 579 дәрі-дәрмекке нұсқама берілген.Азаматтар дәрілік заттарды алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе тіркеу бұрын жүргізілген болса, сәйкестендіруден өтуі тиіс. Әрі қарай, басты бетте «Әлеуметтік әмиян» бөліміне кіріп, «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» жолын таңдайды.Количество показов: 223
Дата создания: 19.10.2024 06:16:14