Елде пандемия басталғалы алғаш рет той өткізуге рұқсат берілді
Бұған дейін санитар дәрігерлердің тыйымдары кәсіпкерлерді де, тұрғындарды да заңсыздыққа итермелегені жасырын емес. Тіпті бұрын сенбіде ғана той жасайтын халық қазір аптаның жеті күнінде де тойлатуды тоқтатпады. Мониторингтік топ өкілдері қаншама отбасылық мерекенің үстінен түсіп, таратты. Бұдан былай той тойлауға рұқсат берілді. Тойханаларға "Ашықта" статусы "жасыл" қонақтар ғана кіреді. Пандемия кезінде артық салмақ қосып, иммунитеттері төмендегендердің саны артыпты. Өздерін қолға алғысы келетіндер фитнес жаттықтырушыларының көмегіне жүгінген. Қаламыздағы фитнес клубтың басқарушысы Аслан Ақтілеуов вирус жайылған уақытта адам денсаулығы маңызды. Сондықтан шыныққан шымыр болады демекші, ақтөбеліктерді спорттан тиюға әсте болмайды, дейді. Жаңа қаулы 5 күннен кейін күшіне енеді. Жанкүйерлердің қатысуымен спорттық шаралар өткізуге, конференциялар, көрмелер ұйымдастыруға рұқсат. Бірақ орындарды толтыру "қызыл", "сары", "жасыл" белдеудің әрқайсысында әртүрлі. Еске салсақ, елде коронавирустың тағы бір жаңа түрі "Еta"-штаммы пайда болып, еліміздің 4 өңірінде тіркелген.
Количество показов: 1083
Дата создания: 22.09.2021 18:07:41