Елімізде донор тапшылығынан жыл сайын 200 - ге жуық адам көз жұмады.
Өңірімізде 343 адам донорға мұқтаж. Дені- бауыр мен бүйрек ауыстыру отасына кезекте тұр. Биыл Ақтөбеде 28 науқас донор тапшылығынан қайтыс болған. Бұл еліміздегі ең күрделі проблемалардың бірі,- дейді мамандар. Өкініштісі, жылдан-жылға трансплантацияға мұқтаж адамдардың саны көбейіп, күту парағындағы тізім құбылып тұр. Еуропа елдерінде трансплантацияның шамамен 90%-ы мәйіттік донордан алынады. Ал елімізде бұл статистика кері кетіп тұр. Елде донордың 95%-ы науқастың туыстары болса, 5%-ы ғана – мәйіттік донор.Десек те, өңірімізде бүйрек пен бауыр трансплантациясы жасалып жүр. Дені-туыстық донордан,-дейді ақ халаттылар. Ел медицинасының әлеуеті бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі трансплантациясын жасауға қауқарлы. Операцияға дейінгі және кейінгі жәрдемнің барлығы тегін көрсетіледі. Бұл заң шеңберінде белгіленген.
Количество показов: 524
Дата создания: 11.10.2023 20:13:22