Денсаулық - басты байлық
Осы ұранды қолға алған ақ халаттылар енді тұрғындардың денсаулығын үйлеріне барып тексере бастады. Бүгін №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері 12 - ші мөлтек ауданында тұратын тұрғынға барып сауалнама жүргізіп, бойын, салмағын өлшеп,қан қысымын тексерді. Ал, ертеңіне бойдағы қант мөлшері мен халестерин мөлшері тексерілетін болады. Айта кетейік, қала бойынша 3 дәрігер бекітілген. Олар қалалық №3 - ші және Қарғалы қалалық ауруханасының дәрігерлері.Арнайы сөмкеде ең қажетті 3 құрал бар. Олар бой және салмақ өлшейтін шағын таразы мен қан қысымын өлшейтін танометр. Қажетті жабдықтардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атынан берілген.Количество показов: 492
Дата создания: 25.06.2024 04:41:32