Дарынды балаларды даярау-заман талабы
"Ынтымақтастық: мектептердің үздік тәжірибесі" облыстық жоба биыл екінші рет өтіп жатыр. Жоба "Білім инновация" лицейі мен "Кемел білім"лицей оқушыларының көрмесімен ашылды. Оқушылардың жасаған жұмыстары бірінен-бірі өтіп, көз тартады. Жалпы жобаның басты мақсаты- орта мектеп оқушыларының білімін шыңдап, кезеңдік олимпиадаларға, басқа да жобаларға дайындау дейді маман. Әбдурахман, тағы екі сыныптасымен бірігіп, спагеттиден тарихи ғимарат құраған. Макарон өнімінен жасаған туындысын желімдеп, жинауға 6 сағат кетті, дейді жас дарын. Жұмыс жасау барысында біз ұйымшылдыққа, сабырлыққа, шыдамдылық пен ұқыптылыққа үйрендік, деп бөліседі оқушы.7-сынып оқушысы Батыр досымен үлкен де, кіші де демалатын саябақтың макетін жасаған. Оның айтуынша, таза ауада демалу да, серуендеп жүру өте маңызды. Арманы қала мен ауылдық жерлерде тыныстайтын саябақтарды көбейту. Батыр саябағымен қоса сарқырама жасауды да ұмытпаған. Бұл жерде тыныққан әр адам жанына сая табатынына сенімді. Жасөспірімнің бұл идеясы үлкендерге үлгі әрі ой тастайтыны анық. «Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі». Шараға жиналған мұғалімдер практикалық жиында тәжірибелерін шыңдауды жалғастыруда. Бұл жоба аталған екі мектеп-интернаттың тәжірибесін өзге де білім ордаларына беру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жылдың соңына дейін жалғаспақ.Количество показов: 358
Дата создания: 24.02.2024 01:07:35