Дәрігер боламын деушілер қатары өсті
Мамандық-адам өміріндегі маңызды таңдаулардың бірі. Ал кішкентай кезінде дәрігер болуды армандамаған бала кемде кем шығар. Жыл бойы ҰБТ-ға дайындалып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысқан түлектердің біріңғайы мемлекеттік грантқа ие болып, қуанып жатқан жайы бар бар. Жоғары балл жинаса да, "тегін" оқуға ілінбей қалғандар да жоқ емес. ҰБТ дан жоғары көрсеткішті талап ететін ЖОО бірі- М. Оспанов атындағы БҚМУ. Бұл оқу орнына тек ақылы мамандыққа түсу үшін - нәтиже 70 баллдан төмен болмауы керек.Аталған ЖОО-на 300- грант берілген. Оның ішінде фармация мамандығына- 7, мейіргер ісіне- 5, қоғамдық денсаулық бөліміне- 7. Медицина саласында ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі-стоматология. Өкінішке қарай, бұл мамандыққа биыл грант аз. тіс дәрігері боламын деушілер қатары жыл санап артып отыр. Әйтсе де биыл болашақ дантистерге ел бойынша небары 20 грант бөлінген. Оның үшеуі ғана М.Оспанов атындағы БҚМУ ға тиесілі.Сонымен қатар "Қазақстан халқына" қайырымдылық қоры бөлетін 8-грант бар. Оған құжаттар 17-тамызға дейін қабылданбақ. Бұл конкурсқа тек осал топтағы отбасыдан шыққан немесе 1,2,3 топтағы мүгедектігі бар балалар ғана қатыса алады. Мамандықтың ішіндегі ең қадірлісі дәрігерлік. Шыдамдылық пен жауапкершілікті талап ететін мамандық кқпшілік үшін арман. Себебі оқу ақысы ұшып тұр. Университет қызметкерлерінің айтуынша, оқу ақысы жыл сайын өзгеріп отырады. Мәселен, мұнда емдеу факультетінде оқу ақысы жылына 1 миллион 482 мың теңге.
Количество показов: 348
Дата создания: 06.08.2024 08:34:12