Дін саласында биыл 5 бағыт бойынша жұмыстар жүзеге асады
Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы биыл дін саласындағы 5 айқын бағытты атады. Былтыр Қазақстандағы мұсылмандар діни басқармасы 7 бағыт бойынша жемісті жұмыс атқарды, деді ол бүгін Астанада өткен кеңейтілген президиум отырысында. Ал биыл мүфти саланы жүйелендіріп, белсенділігін арттыру мақсатында 5 бағытқа басымдық беріп отыр. Бүгін облыстық "Нұр ғасыр" мешітінде де барлық имамдары бас қосты. Жергілікті дін өкілдері былтырғы жылды қорытындылап, осы жылғы атқарылатын жұмыстарды жария етті. Қазақстандағы мұсылмандар діни басқармасы биылғы жылдың жоспарын жүйелеп, бес бағытқа бөлді. Олар дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру. Жат діни ағымдардан сақтану бойынша түсіндіру жұмыстары облысымызда бұрыннан жүргізіледі. Кей аудандарда мәселе әлі де өзекті. Дін мен дәстүр бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл орайда имамдарға өзге салалармен де жан-жақты байланыс орнатып, балалар мен жастар тәрбиесіне баса назар аударуды тапсырды.Облысымыздың бас имамы Серікжан Еншібайұлы әр бағытқа жеке-жеке тоқталып, қоғамға тигізер пайдасы туралы көпшілікке баяндап берді.
Количество показов: 765
Дата создания: 02.02.2023 14:45:50