Бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтіп жатыр
Жекпе-жек сарайында Бокстан 2003-ші жылғы әлем чемпионы, елге еңбегі сіңген спорт шебері Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтіп жатыр. Өңірлерден жарысқа 15-16 жастағы былғары қолғап шеберлері келген. Ақтөбе намысын 36 жас спортшы қорғап жатыр. Жекпе жек сарайында бүгінгі екінші күн қатарынан боксшы өрендер араларындағы мықтыны анықтауда. Барлық жас боксшылардың халықаралық турнирге үлкен дайындықпен келгені көрініп тұр. Жас былғары қолғап шеберлеріне Галиб Джафаров жүлдесі үшін өтетін жарыстың маңызы зор. Өйткені бұл турнир жас сполртшыларға үлкен додаларға жолдама үлестіреді. Халықаралық турнир жеңімпаздарына бокстан ұлттық құрама команда сапына енуге мүмкіндік көп, дейді жарысқа қатысушылар. Жарысқа 17 аймақтан 15-16 жастағы 170 спортшы қатысып жатыр. Айта кетейік, дәстүрлі турнир қаламызда осымен 13-ші мәрте өтуде. Жас спортшылар арасындағы халықаралық турнир 31-ші наурызда аяқталады. Халықаралық додаға бокстан әлемдік жарыстарда топ жарған спортшылар қазылық етуді. Ал, Ақтөбе намысын 2 команда сапында 36 жас спортшы қорғап жатыр.Количество показов: 763
Дата создания: 28.03.2023 13:35:12