Баспанасы суға кеткен тұрғын несие алып, үйін жөндемек
Ольга Малинко жақында банктен несие алған. Баспанасы суға кетті. Жәрдемақыдан хабар жоқ. Сондықтан құрылысты өз күшімізбен бастап кеттік,- дейді. Мына 14 шаршы метр бөлмеде 4 адамнан тұратын отбасы қыстап шығады. Жазда есіктің алдындағы лашықта күнелтуге мәжбүр. Баратын жеріміз жоқ деп отыр. Ольга үйдегі тұрмыстық техниканың барлығы да істен шыққанын айтады. Тіпті ол құдықтан тартып алатын ауыз судың да дәмі кермек татиды. Құдықтың ішіне қар суы толып қалған болатын. Енді суды да іше алмай отырмыз,- дейді. Ольга 6 соттық саяжайда ала жаздай қыстық азығымызды жинап аламыз деп отыр. Құлпынай , бүлдіргеннің көшеттері гүлдеп тұр. Дегемен су тасқынынан соң саяжайдың топырағы да саз балшық болып әрең кепті. Биыл бақшадағы өнім де мардымсыз болуы мүмкін,- дейді бағбан.Количество показов: 402
Дата создания: 23.05.2024 07:37:51