"Балалар түнгі қалада" жедел алдын алу шарасы өтті
"Балалар түнгі қалада" жедел алдын алу іс-шарасы балалар жылына бағытталған. Қаладағы барлық ойын- сауық орталықтары, көңіл көтеру орындары мен көп қабатты үйлердің жертөлелері мен шатырына дейін бақылауға алынған екен. Соның нәтижесінде балалар ісімен айналысатын инспекторлар жүздеген тәртіп бұзушылықтарды анықтап шыққан.
Жалпы 158 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, тіркеуге алған полиция инспекторлары жасөспірімдер арасында үйден кетіп қалу деректері көбейіп бара жатқанын айтады. Балаларына іздеу салып, полицияға хабар беретін ата-аналар саны артқан. Ал жасөспірімдер үйінен қашып, көңіл көтеру орындарында уақыт өткізеді. Көп жағдайда ата-аналар да өз міндеттерін толық орындамай, түнгі 12-ден кейін балалардың бақылаусыз көшеде жүруіне жол береді, дейді тексеру жүргізген мамандар.
Количество показов: 759
Дата создания: 29.06.2022 20:41:19