Артем Головняның ауруханада жатқанына 1,5 ай болған. Облыстық жедел жәрдем ауруханасына ол 9-маусымда түсіпті. Сол күні Тілеу батыр көшесіндегі гаражда болған жарылыстан 82 жастағы қарияны құтқармақ болған. Оттың ішіне ол екі рет кіріпті. Бір кіріп, ақсақалды алып шыққан. Бірақ, өрттен қатты қорыққан қария жанып жатқан гаражға қайта кіріп кеткен. Ол кісіні екінші рет құтқармақ болған кезде ыдыстағы жанғыш майға от тиіп, жарылған. Артем Головняның денесінің 68 пайызы күйіп қалды. Үш апта жан сақтау бөлімінде жатқан жігіт жуырда жарақат бөліміне ауыстырылған.Тері жамау отасы дәрігерлердің сөзінше, аса ауыр процедура емес. Тез жазылып кетеді. Терінің сау жерлері терең жараларға тез сіңісіп кетеді екен. Дегенмен, арнайы күтім қажет. Әйтсе де, емделуші де бұлшық еттерін қозғалтып, жаттықтыру қажет. Қазір кешенді ем жүргізіліп жатыр. Ал, егер маңызды ота немесе емді одан әрі жалғастыру қажет болса, еріктілер көмектесуге дайын. Жергілікті жастар Артемның қажетті құралдарын алып беріп, анасына қолдау білдіріп жүр.
28 жастағы Артем Головняның анасынан өзге ешкімі жоқ. Әкесі 2 жыл бұрын дүниеден озыпты. Қымбат медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер алуға қаржы тапшы. Қазір еріктілердің көмегімен әлеуметтік желіде жүздеген ақтөбелік қолдау білдіруде. 1 миллион теңгеге жуық қаржы жиналған. Артемның есеп шоты ашық. Оған қоса еріктілер Нұр-Сұлтан қаласындағы күйік орталығымен байланысып отыр. Айтуларынша, Төтенше жағдайлар министрлігі де қолдау білдіруге келісіпті.
Количество показов: 939
Дата создания: 18.07.2019 18:49:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>