Бүгін Халықаралық театр күні
Бүгін Халықаралық театр күні. Осыған орай Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында мерекелік кеш өтті. Оған "Алақай" қуыршақ театры мен "Екі езу" сатира театры әртістері де қатысып, көрермен назарына бірлескен концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай - ақ, сәуірдің 20 - ы мен 25 - і аралығында облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театрында "Балауса" фестивалі өтеді деп жоспарланып отыр.Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры екі труппадан тұрады. Қазақ труппасында 30 әртіс, орыс труппасында 20 әртіс жұмыс жасайды. Биылғы жылы қазақ труппасы 32 - ші театр маусымын өткізсе, орыс труппасы 58 - ші маусымын өткізеді деп жоспарланып отыр. Сондай - ақ, сәуір айының соңында облыстық театр көрермен назарына Т.Ахтановтың "Боран" және С.Торайғыровтың "Қамар сұлу" романының желісіне негізделген премьерасын ұсынады.Т.Ахтанов драма театры жыл сайын халықаралық "Балауса" фестиваліне қатысады. Биыл фестиваль сәуірдің 20 - ы мен 25 - і аралығында Ақтөбеде өтеді. Онда облыстың түкпір - түкпірінен келген театрлар спектакль қойып, "Үздік қойылым", "Үздік актер" сынды жүлделер үшін таласады. Сондай - ақ, алдағы уақытта облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театры Орал, Атырау, Ақтау қалаларына гастрольдік сапарын бастайды. Бүгін облыстық театр төл мерекесін ерекше атап өтіп, өнерсүйер көрерменге шағын мерекелік бағдарлама ұсынды.
Количество показов: 744
Дата создания: 27.03.2023 13:00:54