Бүгін дүниежүзілік психикалық денсаулық күні.
Балалалар мен жасөспірімдердің шектен тыс ұялы телефон мен компьютерге тәуелді болып бара жатқандығы дәрігерлерді де толғандыра бастады. Құмар ойындарға тәуелділік артып келеді. Қазіргі жастар көп уақттарын компьютер алдында өткізеді. Бүгін дүниеджүзілік психикалық денсаулық күні. Атаулы датаға орай болашақ дәрігерлер осы мәселені талқылады. Университет студенттері жастардың ұялы телефон мен компьютердегі адамды өзіне тәуелді ететін ойындарға қызығушылығы артуда деп отыр. Күніне бірнеше сағатын ойындарға жұмсайтын жастар болашақта лудомания дертіне ұшырауы мүмкін. Сондықтан болашақ дәрігерлер бұл дерттің алдын алу шараларын қолға алатын уақыт жетті деп дабыл қағуда.Бүгінде облыс аумағында психикалық ауытқуы бар 8 мыңға тарта науқас тіркелген. Олардың 2 мыңға жуығы нашақорлар. Есірткіге тәуелді адамдардың басым бөлігін жастар құрайды.
Количество показов: 515
Дата создания: 10.10.2023 17:24:27