Қажылық пен умраға апаратын туристік компаниясына қатысты тергеу басталды
Қажылық пен умраға апаратын "Kausar travel" туристік компаниясына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Шымкентте пен Алматыда бір топ азамат аталмыш турфирмаға алданып қалған. Арасында 4-5 ақтөбелік те бар болып шықты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық сапарлар бойынша осындағы өкілі Нұрбол Смағұлов умра, қажылыққа жібереміз деп, халықтан ақша жинап жүрген бір күндік туристік агенттіктер көбейгенін ескертеді. Ал алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін Мекке, Мединаға сапар жоспарлағандар алдымен мешіттерге жолыққандары абзал. Қаңтар айының аяғында Шымкентте бір топ адам Меккеге сапарлары жүзеге аспай қалған соң өздеріне жолдама сатқан "Kausar travel" компаниясының кеңсесін басты. Алматыда дәл осы компаниядан жолдама сатып алып, жолға шығар күнді күтіп отырған адамдарға дейін күдіктеніп, полицияға арызданған. Ал Шымкенттен умраға шықпақ болып, алаяқтарға алданған адамдар арасында 4-5 ақтөбелік бар көрінеді.Нұрбол Смағұлов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық сапарларға жауапты Ақтөбедегі өкілі. Ол "Нұр Ғасыр" мешітінде қажылық жоспарлап жүргендерге арнайы дәрістер оқып, оларды қасиетті сапарға алдын ала рухани әзірлеумен айналысады. Ал "Kausar travel" туристік компаниясына қатысты тергеу басталған. Күдікті ұсталды. Жәбірленушілердің айтуынша, "Кәусар тревел" турфирмасына алданғандар саны шамамен 300-ден асады. Әрқайсысы жолдаманы 500-600 мың теңгенің төңірегінде сатып алыпты.Соңғы кезде қажылық сапар ұйымдастырамыз деген ұсақ туристік агенттіктер қаптап кеткен. Олар адамдарды ұсынатын қызмет құнының арзандығымен тартады. Кейін ісінен шикілік шығып жатса, мұндай компанияларды ұйымдастырған, жарнамалаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай компанияларды жазалай алмайды. Олармен полиция, прокуратура айналысады.
Количество показов: 737
Дата создания: 06.02.2023 12:28:51