Қазақстандықтар бірінші ақпанда коронавирусқа қарсы екпе ала бастайды
Коронавирусқа қарсы екпе Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі. Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электронды паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізу туралы деректер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды форматта көрсетіліп отырады. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, пациент және медицина қызметкері ақпаратты "m-gov" мобильді қосымшасындағы веб-қосымшаға енгізе алатынын айтты. Дегенмен ақтөбеліктер арасында жаппай екпе науқанына күмәнмен қарайтындары да жоқ емес. Жыл соңына дейін 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген. Халыққа екпе вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады. Бірінші кезеңде 100 мыңға тарта медицина қызметкері егіледі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1-ші ақпанға дейін медицина ұйымдарының вакцинация кезеңіне дайындығын қатаң бақылауға алуды сұрады. Ақпан айында - 100 мың, наурызда - 150 мың, сәуірде - 600 мың, мамырда - 600 мың, тамызда - 600 мың адам егілуі керек. Қосымша желтоқсанға дейін 600 мың адам вакцинация алады, - деді ол. Үкімет басшысының орынбасары бұл деректер жұмыс барысында нақтылана түсетіндігін ескертіп өтті.
Количество показов: 725
Дата создания: 19.01.2021 18:25:31