Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы 12 пайызға қымбаттады
Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы 12 пайызға қымбаттады. Бүгіннен бастап темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 440 теңге болды. Ал 2021 жылы 1- қаңтардан бастап бұл өнім бағасы тағы қымбаттамақ. Ақтөбеліктердің басым бөлігі шылым шекпейтіндерін, денсаулықты күту керектігін алға тартты. Ал бұл әдеттен арыла алмай жүргендер темекі сатып алу үшін айына 10 мың теңгеге жуық қаражат жұмсайтындарын айтты. Тұрғындардың көбі өкпе індеті өршіп тұрғанда шылым шегуден бас тарту керек деген пікірде. Ал «бұл – әдет болып кеткен» деп ақталғандар, табысының жартысын темекі сатып алуға жұмсайтынын жасырмады.
Естеріңізге сала кетейік, 11- мамырда мәжіліс "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі" заңына өзгеріс енгізу туралы ұсынысты қолдады. Бұдан былай 21 жасқа дейінгілерге темекі сатылмайды. Ал оларға темекі өнімдерін сатқандар 15-тен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Қазір еліміз шылым шегуге қарсы күрес жүргізуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, әлемде жыл сайын темекі тартудан пайда болған аурулар салдарынан 6 миллионға жуық адам қайтыс болады екен.
Количество показов: 779
Дата создания: 01.07.2020 18:21:18
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>