Қазақстанда 1-ақпаннан бастап сұйытылған газ қымбаттайды
Сұйытылған газ бағасы тағы өспек. Автокөлік иелері жаз бойы газдан жоқшылық көргені бар. Сағаттап ұзын-сонар кезекте де тұрды. Енді газ бағасы қымбаттайтынын естіп, көңіл-күйлері тағы түсті. Бәрі қымбаттаған заман болды. Газ көтерілсе, бізге пайда да болмайды, онда жол жүру ақысын да көтеруге тура келеді,-дейді такси жүргізушілері. Энергетика Министрлігінің мәліметінше, сұйытылған газ өндірісінің қазіргі құны тоннасына 65 мыңнан 75 мың теңгеге дейін, ал өндіруші зауыттар үшін шекті көтерме баға тоннасына 45 158 теңге деңгейінде белгіленген.Көзделіп отырған өзгеріске сай, сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірлерге байланысты 6 теңгеден 21 теңгеге дейін ұлғаяды. Литрге шаққанда сұйытылған газдың ең қымбат бағасы 102 теңгені құрайды. Ал ең төменгі баға 65 теңге. Аймақтар бойынша баға өзгерісін төмендегі кестеден көруге болады. Ал біздің облыста сұйытылған газ бағасы 77 теңге болады делінген ресми ақпаратта.
Количество показов: 341
Дата создания: 21.01.2025 05:59:20