Қазақ киносының атасы Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл.
"Қазақ киносының саңлағы". Бүгін осындай атаумен Нұрпейіс Байғанин атындағы балалар кітапханасында танымдық кеш өтті. Шара шоқтығы биік тұлға, актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орайластырылып отыр. Шәкен Аймановтың әр естелігі, әр сөзі бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоймаған. Үлкен де, кіші де сүйіп көретін кинолары тарихтың төрінде алтын әріппен қашалып жазылған. Достары оның ешкімге ұқсамайтын ашық-жарқын, жомарт мінезін жоғары бағалап, "бүгінгі заманның серісі" деп те атаған.Шәкен Айманов ғұмырында 14 фильм түсіріп, 20-дан астам кейіпкердің рөлін сомдаған. Өзі соңғы рет түсірген "Атаманның ақыры" атты фильмі көрермен қауымның жылы лебізіне ие болды.Қазақ киносының мэтрінің режиссерлігімен жарық көрген кинолардың қатарында "Тақиялы періште", "Біздің сүйікті дәрігер", "Дала қызы", "Туған жер" фильмдері бар. Ал қазақ әдебиетіндегі мифтік кейіпкер Алдар көсенің рөлін Шәкен Аймановтың өзі сомдап шықты. Бүгінгі шара барысында жастар өлең оқып, ән шырқады. Ал Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ардагері, актер Мағзрм Бақытжанов Шәкен Айманов туралы естеліктерімен бөлісті. Шара соңында "Кино-кітап арқылы ашылған сырлы әлем" атты кітап көрмесі ұсынылды.
Количество показов: 960
Дата создания: 30.01.2024 22:57:56