Қайырымды жандар көбейіп келеді
Ақтөбеде мұқтаж жандарға қол ұшын созып келе жатқан ұйымдар бар. Солардың бірі-"Азық-түлік қоржыны" қоғамдық қоры. Аталмыш ұйым жыл сайын жетім, жесір, көп балалы және қиын жағдайға тап болған отбасыларға қайырымдылық жасайды. Демеушілері де жоқ емес. Мәселен, қаладағы киім-кешек салондарының бірі қорға су жаңа, сәнді киім кешек беруге ниет білдірген. Келісімшартқа сай 2027 жылға дейін киімдер беріліп отырмақ. Маусымдық киім-кешек пен қоса спорттық костюмдер, жүзуге арналған киімдер де бар. көмектің мұндай түрін көп алатын аймақтар арасында Ақтөбе көш бастап тұр. Алғашқы партияның өзінде қаламызға 10 мыңға жуық киім жіберілген.Серіктестікпен арада келісімшарт бар. Келісімшарт бұзылған жағдайда, қарсы тарап 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді. Қайырымдылыққа бағытталған киім-кешекті қор өкілдеріне алуға болмайды. Тек әлеуметтік осал топтағыларға ғана беріледі.Қор басшысының айтуынша, алғашқы партия "Аяла" балалар үйіне жөнелтілген. Келесі кезекте "Үміт " балалар үйі тұр. Мұндағы сәбилерге 500 киім, кризис орталығына - 1000 киім мен қаламыздағы 36 мектеп пен спорт мектептеріндегі осал топқа киім-кешек жеткізілмек.
Количество показов: 272
Дата создания: 15.10.2024 07:51:07