Аймақтағы су айдындарында арнайы 14 орын дайындалған
Православ христиандарының шоқыну мерекесі сенбі-жексенбіде атап өтіледі. Бүгін облыстық ТЖД өкілдері қауіпсіздік ережелері және шоқыну рәсімі өтетін жерлермен таныстырды. Шара өңірлік коммуникациялар алаңында өтті. Аймақтағы су айдындарында арнайы 14 орын дайын. Екеуі шаһарда. Қаладағы орынның бірі - К.Нокин көшесіндегі коммуналдық пляжда. Ол жерде бірден екі суға түсу орыны дайындалған. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тек осы жерде ғана болады. Ал, шоқыну рәсімі өтетін келесі жер - Кірпішті көшесіндегі "Гринланд" демалыс орталығы. Ол жер - ақылы. Дегенмен, демалыс орталығының өз құтқару қызметі мен арнайы құралдар болады. Қазір өзен-көлдердегі мұз қалыңдығы 30-35 см құрайды.Құтқарушылар белгіленбеген жерлерде шомылуға тыйым салады. Тәртіпті бұзғандарға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынбақ. Биыл қалада шоқыну рәсімі өтетін орындар азайған. Соның бірі - тұрғындар қалашығындағы коммуналдық жағажай. Өзенде ағыс қатты, мұз дұрыс қатпаған. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін екі орын белгіленді. Департамент мамандары ақтөбеліктерді шоқыну рәсімі кезінде арнайы ережелерді сақтауға шақырады. Суға сүңгу уақытын 30 секундтан асырмауға, сондай-ақ қалың киіну керектігін тілге тиек етті.Аймақта 104 мыңнан астам Православ христианы бар. Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Темір мен Шалқар аудандарында мереке атап өтілмейді. Қалған аудандарда 12 орын дайындалған.
Количество показов: 252
Дата создания: 18.01.2025 10:08:14