Автонесиелендіруге өтініш бере алмағандар көп
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде autonesie.kz платформасында тіркеле алмағанын айтып шағымданып жатыр. Бүгін, Астана уақытымен таңғы онда іске қосылған сайт бес минут өтпей жабылып қалды. 761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде беріп үлгерді, деді «Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі. Рекордтық уақытта осыншама өтінімнің қабылдануына сенімсіздік танытып жатқандар бар. Ақтөбеліктер арасында да жеңілдетілген автонесиеден үміттілер көп болған. Онымен электронды платформаға тіркелуіміз көрген түстей болды, деп таңданыстарын жасыра алар емес. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров «Іріктелген тізімдегі орынды сату немесе өзгеге беру мүмкін емес екенін айтты. Ол өтінімде азаматтың бүкіл деректері тіркелген. Сондықтан бөгде адам оның атынан несие ала алмайды. Сондықтан ондай хабарламаларға сенбеңіздер. Өйткені бұл алаяқтар болуы керек, деді Ринат Гаппаров. Сондай-ақ, autonesie.kz сайты боттардан қорғалғанын еске салды.Бүгін 125 мыңнан астам адам автонесие ресімдеуге ниет білдірген. 125 мың адамның қалауын түгел орындау үшін әр өтінімге 10 млн теңге дегенде, кемінде 1 трлн 250 млрд теңге қажет. Бюджетте онда мүмкіндік жоқ, әрине. Бәлкім ішінара қанағаттандыру қажет болар. Осы ұсынысты үкіметке жеткіземіз, деді Ринат Гаппаров. Айта кетейік, автокредит өтінімін бүгін тіркеп үлгергендер 60 күннің ішінде көліктерін алады.Количество показов: 754
Дата создания: 06.02.2023 12:31:13