Ауылда дәрігер тапшы
Ауылдық жерлерге қолында дипломы бар маман тұрақтай бемейді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Хромтауға барған сапарында бұл мәселеге тағы да нақты көз жеткізгенін айтты. Өндірісі дамыған ауданда дәрігер маман тапшы. Болашақта арнайы бағдарламамен ауылдық жерге жұмыс істеуге барған жас маманға 8,5 млн теңге қаражат берілетін болады. Жас маман барған бойда баспанамен қамтамасыз етіледі. Тіпті жоғарғы оқу орнының бірінші курсына қабылданған бойда студентпен ауылға барып қызмет ету туралы келісім-шарт жасалатын болады, дейді вице-министр. Вице-министр денсаулық сақтау саласында орын алып отырған бірқатар мәселерді алға тартты. Олардың ішінде дауға айналған сақтандыру полюсіне қатысты мәселелер де болды.Количество показов: 208
Дата создания: 16.10.2024 07:36:00