"Аутизмді жеңуге болады"
Адам бала кезінде көп нәрсені қатынас арқылы үйренеді, яғни сөйлесу, ойнау, сезімдерін бақылау, басқаның сезімін түсіну, достасу сынды қабілеттерге ие болады. Ал аутизмі бар балалар миының дамуы бұзылғандықтан, олар қоғаммен толыққанды байланыса алмайды. Байланыс болмағандықтан, сол нәрселерді үйрене алмайды. Сондықтан мұндай балалардың дамуы кідіреді. Бүгінгі семинарда осындай ерекше балалармен қалай жұмыс жасауға болатыны туралы айтылды.Семинар екі күндік. "Аутизмды жеңуге болады". Ондай балаларға қалай білім беруге болады? Саналы оқу, ментальды арифметика, адам анатомиясы, ағылшын және қазақ тілдерінің балалардың ой-өрісін дамытудағы рөлі. Семинардың мақсаты – аутизм спектрінің бұзылыстары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, диагностикалау және аутизм бар балаларды қолдау саласындағы тәжірибе алмасу және озық практикаларды үйрету, сондай-ақ аутизм бар балаларды қоғамға қосу және олардың дамуына және өз қабілеттерін шыңдауда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша бастамаларды ілгерілету.Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда аутизм спектрінің бұзылуы бар 16 700 бала тұрады. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректері бойынша әрбір 36-шы балаға және 45-ші ересек адамға аутизм диагнозы қойылған.Количество показов: 189
Дата создания: 12.10.2024 07:26:37