Қауіпті көше
Мәскеу ауданындағы қазіргі Шалғынды және М.Мақатаев көшелерінің қиылысындағы жол жүргізушілер үшін де, жаяулар үшін қауіпті болып тұр. Жол белгілерінің жоқтығынан мұнда көліктер жиі апатқа ұшырайды. Мәселен, 25 - ші сәуір күні жеңіл автокөлік бағанаға соғылған. Өмірлері үшін алаңдаулы тұрғындар арнамызға жүгінді. Айна Төлебаева Мәскеу ауданындағы бұрынғы Озерная, қазіргі М.Мақатаев көшесінде тұрады. Айтуынша, Шалғынды және М.Мақатаев көшелерінің қиылысында жол белгілері мүлдем жоқ. Сол себепті аталған аймақта көлік апаты жиі болады. Мәселен, 25 - ші сәуір күні көшенің қиылысындағы бағанаға Volkswagen автокөлігі соқтығысқан.Одан бөлек жаяу жүргінші жолағы да көрінбейді. Бірнеше жыл бұрын балаларды да көлік қаққан. Балалар далаға шығып, алаңсыз ойнай алмайды дейді, Айна Төлебаева.Қалалық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығындағылар жергілікті полиция бөліміне арыздану керегін айтты. Мәселе 15 күн ішінде қаралып, тиісті шаралар қолға алынатынын жеткізді.
Количество показов: 783
Дата создания: 19.05.2023 13:49:54