Асыл тұқымды жылқы асырау үшін мемлекеттік қолдау жеткіліксіз
Шешінген судан тайынбас. Облыстық кәсіпкерлер палатасының табанын тоздырып жүрген асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен айналысатын қожалық басшылары субсидия көлемі мөлшермен қанша болуы тиістігін анықтап алғылары келеді. Содан кейін республика бойынша барлық шаруашылық басшылары ауыл шаруашылығы министрлігіне үндеу жолдайды.
Асыл тұқымды жылқы өсіру үшін ерекше бап керек. Ірі-қара арасында түрлі аурулар көбейіп кеткендіктен, ең алдымен мал басын аман алып қалудың өзі үлкен олжа дейді шаруашылық иелері. Екіншіден жылқы малының бабын тауып, баға алатын малшы да тапшы. Мардымсыз айлыққа жылқышы табу қиын. Асыл тұқымды жылқы асыраушы шаруа қожалықтарының мәселері шаш етектен. Қазір облыс аумағында 26 асыл тұқымды мал асыраушы шаруашылық бар. Онда жылқы саны 7 мыңнан асқан.
Количество показов: 656
Дата создания: 30.11.2021 20:09:51