Қаржылық сауаттылық курсын тегін оқыңыз
Әртүрлі есеп бойынша шамамен 1,5 млн қазақстандық банкроттық деңгейінде тұрса, қарызын уақытылы төлей алмай жүргендердің саны 6 миллионнан асады екен. Бұған қаржылық сауаттылықтың төмендігі тікелей әсер етіп отыр. Қарызға белшеден батып отырған ақтөбеліктер де аз емес. Несиеден несиге дейін өмір сүріп жүргендер қаншама?! "Аманат" партиясы бастаған жобаның мақсаты да осы. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Жоқтан бар жасап, қолдағы қаражатын тиімі үйлестіруді үйрету. Мамандардар дәріс алу тегін. Тренинг 5 күндік. Жыл бойы өткізілетін шара жайлы партияның әдеуметтік желідегі парақшасынан біліп отыруға болады. Аталған тренингте халықтың несиеге батуы, қаржы пирамидалары, күмәнді инвестициялар мен онлайн алаяқтар жайлымәлімет беріледі. Жалпы жобаның басты мақсаты- қарызға батқан қоғамнан арылу, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру. Мамандар болашақта жастар дәл осындай біз аңсаған қарызсыз қоғамда өмір сүреді, деген пікірде. Өйткені, интернет технологиялары дамыған заманда, жаңа ғасырдың балалары пысық болуы тиіс. Әйтсе де, тәрбие отбасынан басталатынын ескеру керек. Қазір қаржылық сауаттылық курсын мектеп бағдарламасына енгізіп жатыр. Бұл қуантарлық жағдай, дейді сарапшы. Жалпы жоба аясында елімізде 750 мың адамды қамьу жоспарланып отыр. Былтыр облыс бойынша 8000 адам қаржылық сауаттылығы бойынша курстан өткен. Жоба 2026 жылға дейін жалғаспақ.Количество показов: 502
Дата создания: 21.02.2024 19:14:58