Армениядан әкелінген 82 көлік тіркелді
Облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарды қабылдау жексенбі күні сағат 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Автокөлікті тіркеу кезінде азаматтың жеке басын куәландыратын құжат, алым мен баждарды төлеу туралы құжаттар, мемлекеттік тіркеу үшін - 695 теңге, көлік құралын тіркеу куәлігін беру үшін 3473 теңге, мемлекеттік нөмір бергені үшін 7779 теңге, Армения Республикасында берілген көлікті тіркеу туралы куәлік, Армения Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған көліктің техникалық паспорты сұратылады. Тек қана елге 1-ші ақпанға дейін әкелінген, рөлі сол жақтағы көлік құралдары тіркеуге алынады. ҚР-да 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген автомашиналарды, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларды тіркеуге жол берілмейді.
Количество показов: 922
Дата создания: 08.06.2020 19:24:31