Қарғалы өзенінің бойынан "Мөңке би" атындағы көпір ашылды
Жаңа көпір облыстық орталық "Нұр-Ғасыр" мешітінің бастамасымен салынды. Игілікті істің бітуіне демеушілер қолдау көрсеткен. Өткелдің құрылыс жұмыстарына 5 миллион теңге жұмсалды. Өткел құрылысы тамыз айында басталған.
Өзен жағасында тұратын ақтөбеліктердің сөзінше, көктемгі су тасқыны кезінде ескі көпір жарамсыз болып қалған. Ол кезде жүректілері су кешкен, әйел, балалар өзенді айналып өтетін болған. Бүгін тұрғындардың бірі жаңа көпірдің іске қосылғанын көріп, ризашылығын білдірді.Темірден соғылған көпір ұзақ жылдар бойы жұрттың игілігіне жарайды деген сенім бар. Себебі бұған дейін салынған ағаш көпірге 3 миллион теңге жұмсалған. Сапасыз салынған ескі өткел 1 жылға шыдас бермепті. Айта кету керек "Мөңке би" атындағы жаңа көпір Заречный, Жилянка, Сарбаз ауылдарының тұрғындарына қызмет етеді.
Количество показов: 729
Дата создания: 08.09.2021 18:14:50