"Анаға тағзым" орталығында облыс әкімдігінің қолдауымен 9 бағытта әлеуметтік жобалар жүзеге асуда
"Анаға тағзым" орталығында облыс әкімдігінің қолдауымен 9 бағытта әлеуметтік жобалар жүзеге асуда. Оған аз қамтылған, көпбалалы отбасы, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тартылған. Мәселен, "Жандауа" жобасында ақтөбеліктер кәсіби дәрігерден кеңес ала алады. "Мейірім" жобасы жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Жобалар шілде айында басталды. Қатысу тегін. Кеңес беруші мамандар кесте бойынша жұмыс жасайды. Барлық ниет білдірушілер сағат таңғы тоғыздан кешкі беске дейін "Анаға тағзым" орталығына келе алады. Мәселен, бүгінгі "Мейірім" жобасының қатысушысы 15 жастағы Өмірзақ Мәдина. Оның алған әсері ерекше, үзбей сабақтарға қатысуға ниетті. Мәдинаның басты қорқынышы жалғыздық. Өзіне сенімсіздігі басым, басқа да кемшіліктерін жою үшін психологтың көмегіне жүгінген. "Мейірім" жобасы жасөспірімдерді теріс әрекеттерден қорғауға бағытталған.
Барлығы 9 жоба қамтылған. Ақтөбеліктер оған тегін қатыса алады.Ал "Шашбаулым", "Аналар аманаты" жобаларының қатысушылары ұлттық қолөнерді үйренеді. Аналарын ертіп келген қыз балалар моншақтан түрлі бұйымдар жасау шеберінің сабағына қатысты. Бұл бір жағынан ана мен баланың арасын жақындастыруға септік ететін іс. Бүгін "Жан дауа" жобасында тұрғындар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас эндокринологі Гүлзира Каликованың қабылдауында болды. Жобалар туралы толық ақпаратты облыс әкімдігінің инстаграм парақшасынан алуға болады.
Количество показов: 730
Дата создания: 28.07.2021 18:19:57
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>