Қамыс пен саманнан салынған ескі мектептер әлі де бар
Саны он балаға да жетпейтін ауыл мектептері де бар. Ол жерлерге жұмыс істеуге баратын мұғалім табу да оңай емес. Сағат аз, айлық жоқ. Ауыл мектептерінің оқушыларын онлайн жүйеде оқыту ісі қолға алыныпты. Бірақ білім басқармасының басшылары бұл болашағы жоқ жүйе, басқа амал болмай тұр дейді. Сондай-ақ бүгінгі қоғамдық кеңес отырысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нүргүл Бертілеуова білім саласында орын алған бірқатар мәселелерді тізіп шықты. Жалпы облыс аумағында саман тас пен қамыстан салынған қырыққа тарта мектеп бар екен. Ескі ғимаратар күрделі жөндеуді көтермейді. 1951 жылға дейінгі салынған мектеп ғимараттарының тозығы жеткен. Білім сапасынан бұрын облыстың бас педагогінің орынбасары мектеп ғимараттарының жағдайы нашарлап бара жатқанын жеткізді. Ал, қоғамдық кеңес мүшелері тасқын суден зардап шеккен ауылдарғағы балалар жаңа оқу жылына дайын ба деген мәселеге тоқталды. Сондай-ақ білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова аудандардағы колледждердің де материалдық-техникалық базасы ескіріп бара жатқанын жеткізді. Бұл да білім сапасына тікелей әсер етеді, бұл мәселе де шешімін табуы тиіс дейді басқарма басшысының орынбасары.Количество показов: 332
Дата создания: 16.07.2024 06:26:32