"Аллергология, иммунология және пульмонология аспектілері"
Аллергиямен ауырмайтын адам кем де кем. Бүгінгі таңда шөпке, шаңға, тіпті тамаққа аллергиясы бар адамдар қатары көбейіп келе жатыр. Осы орайда бүгін "Аллергология, иммунология және пульмонология аспектілері" тақырыбында халыкаралық ғылыми конференция өтті. Жиында- аллергияны емдеу жолдары, қауіпсіз дәрі-дәрмектер және аллергияның қалай алдын алуға болады деген сұрақтар талқыланды.Дәрі-дәрмек тасымалдайтын компания менеджерінің айтуынша, аллергияға арналған дәрілер Германияның Гамбург қаласынан шығады. Осы дәрі түрлерін ауруханаларға жеткізіп жүргеніне 4 жылдай болған. Бұл дәрілерді рецептсіз алу мүмкін емес және дәріханалардан ала алмайсыз дейді. Тек белгіленген ауруханадан, дәрігердің нұсқаулығымен алуға болады,- дейді маман.Бүгінгі күні елімізде әрбір үшінші адам аллергиялық аурулардан зардап шегеді екен. Дәрігерлер бұл экологиялық жағдай мен тағам сапасының нашарлығы және дәрі-дәрмекті дәрігердің нұсқаулығынсыз өз бетінше пайдаланғанның салдары екендігін айтады.Количество показов: 333
Дата создания: 02.03.2024 01:40:36