Қалалық жастар ресурстық орталығының жанынан "Жас келіндер" клубы ашылды
Қалалық жастар ресурстық орталығының жанынан "Жас келіндер" клубы ашылды. 40-тан астам қыз-келіншектің басын қосқан клубқа жас келіннен бастап ақ жаулықты әжелерге дейін мүше. Бүгін қалалық жастар ресурстық орталығында "Жас келіндер" клубының алғашқы отырысы өтті. Қазірдің өзінде клубқа 40-тан астам қыз-келіншек мүшелікке өткен. Негізгі мақсаты, отбасындағы келіннің рөлі мен міндетін насихаттау. Жастарға үлгі, өнеге көрсету. Дастархан жаюдан бастап, қонақ күтуге дейін үйретіледі. Арайлым Төлеуова да осы клубтың мүшесі. Оның айтуынша, тәлім-тәрбиеге негізделген бұл клубтың тек келіндерге емес, келін болуға дайындалып жүрген қыздарға да берері мол. Клуб мүшелері ЖОО-ы мен колледждерді аралап түрлі кездесулер өткізеді. Әдет-ғұрыпты , иба мен инабаттылылықты дәріптейтін аталмыш клубтың қамтитын бағыты көп. Отбасындағы проблемалар, келіннің ата мен енемен байланысы, жармен байланысы туралы өңіріміздің ақ жаулықты аналары жас келіндерге өз ақыл-кеңестерін айтатын болады.Количество показов: 1073
Дата создания: 03.03.2023 12:17:07