Қаладағы жеке тұрғын үй секторларынан қар шығару 15-ші ақпанда басталады
Қаладағы жеке тұрғын үй секторларынан қар шығару 15-ші ақпанда басталады. Алғашқы қар түскелі қаланың көне бөлігінде жер үйлер орналасқан көшелердің қары бірде бір рет аршылмаған. Әр үйдің алдында ауласынан шығарылған қарлары тау болып үйіліп жатыр. Күн күрт ысыса Мәскеу, Құрмыш секілді аудандар суға кетеді.Мынау Мәскеу ауданындағы көрініс. Әр үйдің алдында тау болып үйілген қар. Биіктігі үйлерден де асады. Ауданда қалыптасқан жағдайға байланысты тұрғындарды әңгімеге тартқан едік. Ешкім көктемде оларды күтіп тұрған су тасқыны туралы айтқысы да келмейді. Жыл сайынғы мәселені қаузай-қаузай жалыққан болса керек. Ал қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ернар Қалауовтың сөзінше, қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған аймақта тексеріс жүргізіп жатыр.Қазіргі кезде жеке сектордан қар шығару жұмыстарымен айналысатын мердігер компаниялар арасында тендер өткізілуде. Жалпы қала бойынша 12 мердігер мекеме қар шығару жұмыстарымен айналысады.
Количество показов: 769
Дата создания: 26.01.2023 13:11:03