Қаладағы шағын дүкендердің де жұмыс уақыты өзгерді
Қаладағы шағын дүкендердің де жұмыс уақыты өзгерді. Таңғы сағат 9- дан, кешкі 8-ге дейін жұмыс жасайды. Сатушылар міндетті түрде бетперделер мен медициналық қолғаптар киюі тиіс. Заң талаптарын орындамағандар әкімшілік жазаға тартылады. Қаладағы шағын дүкендер талаптарды қалай орындап жатыр? Ақтөбеліктер қапшықтап ұн, шекер, макорон өнімдерін, сонымен қатар көкөністерді жаппай сатып алып жатыр. Бірақ мынадай шағын дүкендерде адам қарасы аз. Тек жақын маңдағы тұрғындар нан, сүт секілді күнделікті қажетін алуға келеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің жетіспеушілігі байқалмайды. Сөрелер толып тұр. Мұндағы азық-түлік бағасының да ірі супермаркеттердегі бағалардан айырмашылығы жоқ.
Тұрғындар қалашығы ауданындағы дүкен иесі заң талаптарын мүлтіксіз орындап отырмыз,- дейді. Есік тұтқаларын жарты сағат сайын жуып, үш сағат сайын дүкен ішіне дезенфекция жасалады. Сатушылар бетперде мен медициналық қолғапты тастамайды. Сондай-ақ онлайн төлем жасауға мүмкіндік бар. Дүкен иесі қауіпті індеттің алдын алу үшінүшін дүкендегі тәртіпті күшейткен.
Количество показов: 928
Дата создания: 30.03.2020 19:05:01
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>