Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңартуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетін болды
Бүгін облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында коммуналдық мекемелердің қызметтері мен жыл сайын автобусқа бөлінетін субсидияның көлемі, оның жұмсалу жолдары қаралды. Айта кетейік, қалалық әкімдіктің бюджетінен 2024 - 2026 жылға автобустарға 10,3 млрд теңге субсидия бөлінеді. Бұл қаржы автобустардың шығын көлемін өтеу, автобустарды жаңарту жұмыстарына жұмсалады.Шаһарда 46 бағытта қатынайтын автобустар бар. Күніне 300 - ден астам автобус қала тұрғындарын діттеген жеріне тасымалдайды Биылдан бастап 2026 жылға қарай қоғамдық көліктердің шығын көлемін жабу, жаңа автобустарды қолданысқа енгізу, техникалық жабдықтарын қамтамасыз ету мақсатында 10,3 млрд теңге субсидия бөлінеді. 2021 - 2023 жылдары автобустарға 6,8 млрд теңге қаражат бөлінген болатын.Количество показов: 474
Дата создания: 20.06.2024 07:19:51