Қалада мемлекет тарапынан 200-ге жуық нысан арбадағы мүгедектерге лайықталуда
Шаһардың көптеген нысандары әлі де қоларбаға таңылған мүгедектер үшін қолжетімсіз. Пандустар бір жерлерде жоқ, ал енді бір жерлерде талапқа сай емес. Әсіресе, жеке меншіктегі нысандарда пандустар өте сирек кездеседі. Мәселе қалай шешілмек? Тілші тарқатады. Арбаға таңылған жандардың мәселесін көтеріп жүрген депутат Шахан Жолдасбаевтың айтуынша, қазір қалада мемлекет тарапынан 200-ге жуық нысанда арбадағы мүгедектерге қолайлы жағдай жасалуда. Сондай-ақ, биылдыққа өз күшімен 10-нан астам нысанда дұрыс орнатылмаған пандустарды қалпына келтірген. Қазір қала кеңейіп, жаңа аудандарда жаңа нысандар саны артуда. Әсіресе, Батыс-2 ауданы мен Есет батыр тұрғын алабындағы нысандарда пандустар жоқтың қасы. Өзі де қоларбаға таңылған депутаттың айтуынша, қазір тек әлеуметтік нысандардың ғана пандустары талапқа сай өзгертіледі. Ал, кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізіп, тексеруге әзірге заң жүзінде рұқсат жоқ. Сондықтан, мұндай нысандар тек тұрғындар тарапынан арыз-шағым түссе ғана бақылауға алынатынын айтады. Шахан Жолдасбаевтың бастамасымен былтырдан бері қала жолдарындағы бірнеше жаяу жүргіншілер өткелдері де мүгедектер арбасының жүруіне қолайлы етіп жөнделген. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын таппақ.Количество показов: 790
Дата создания: 17.08.2022 18:12:39